Егер сіз үйде, жолда және жұртшылық арасында темекіден ләззат алудың балама әдісін іздейтін ересек темекі шегуші болсаңыз, темекіні қыздыруға арналған Ploom құрылғысына назар аударыңыз.
Ploom құрылғысында темекіні пайдаланудан ерекше сезім алуға мүмкіндік беретін ең соңғы темекі қыздыру технологиясы пайдаланылады. Сіз әдеттегі темекіні шеккендей, бірақ темекі иісі, түтін және күл сияқты жағымсыз нәрселерсіз ләззат ала аласыз. Сондықтан, сіз мыналарды жоспарласаңыз, бұл сіздің таңдауыңыз:
Ploom X құрылғысында темекіні қыздырудың инновациялық технологиясы қолданылады және тек Winston темекі стиктерінің пайдаланылуы көзделеді. Оның ерекшелігі — жанудың болмауы, ал бұл түтіннің немесе күлдің пайда болуынсыз қаныққан темекі дәмінен ләззат алатыныңызды білдіреді.
Басқа сауда маркаларының жүйелеріне қарағанда, темекіні қыздыруға арналған Ploom құрылғысы HeatFlow технологиясының арқасында стикті (ішінен емес) сыртынан қыздырады. Стик ешқашан қыздыру элементіне жанаспайды, сондықтан оның тұтануы іс жүзінде мүмкін емес. Сонымен қатар қыздыру процесінде күлсіз қуырылған темекінің жағымды хош иісі пайда болады, сондықтан күлсалғышты біржола тастауыңызға болады.
HeatFlow технологиясының арқасында түтін болмайды және темекі қалдықтарының аз ғана мөлшері пайда болады — темекіні қыздыруға арналған Ploom X құрылғысының дизайны ең аз күтімді ескере отырып жасалған — Winston стиктерінің бір қорабын қолданғаннан кейін бір рет қана тазалау қажет. Бұл қай жерде болсаңыз да — үйде, жұмыста және кез келген басқа жағдайда нағыз темекінің дәмінен еркін ләззат алуыңызға болатынын білдіреді.
Темекіні қыздыруға арналған Ploom X құрылғысы өзінің технологиясымен ғана емес, сонымен қатар стилімен де ерекшеленеді. Бұл эргономикалық, тегіс тас тәрізді құрылғы қолыңызға өте жақсы орналасады. Бірнеше түс қатарында жеткізіледі, 8 оңай ауыстырылатын алдыңғы панельден таңдау мүмкіндігі бар, сондықтан сіз темекіні қыздыруға арналған Ploom X құрылғыңыздың стилін — салтанатты кешке бару немесе кешті үйде өткізу үшін өзіңіздің көңіл-күйіңізге қарай таңдай аласыз.
Егер бұл жеткіліксіз болса, бұл блог сізге темекіні қыздыруға арналған Ploom құрылғысының дизайны және оның HeatFlow технологиясы туралы көбірек білуге көмектеседі.
Айтылуы тиіс бірінші жайт — құрылғы интуитивті түсінікті және пайдалануға өте оңай. Онда қолданылатын IntuiTouch технологиясы түймелерден бас тартуға мүмкіндік береді. Барлық іс-әрекеттер тез орындалады: темекіні қыздыруға арналған Ploom X құрылғысының қақпағын сырғытыңыз, темекі стигін салыңыз және сеансты бастау үшін құрылғыны түртіңіз — қыздыру бар болғаны 25 секундты алады.
Осыдан кейін сіз өзіңіздің әдеттегі рәсіміңізді жасай аласыз, сонымен бірге анағұрлым бәсең болып келетін әрі айналадағы адамдарға қолайсыздықты аз тудыратын темекі дәмінен мүлдем жаңа сезімдер аласыз. Сонымен қатар әр бөлмеде ауа сергітушіні пайдаланудан бас тартуға болады.
Темекіні қыздыруға арналған Ploom X құрылғыңыз бес минут бойы белсенді болып қалады, сондықтан осы уақыт ішінде сіз ауа райы аязды болған кезде терезелерді ашпай-ақ қалағаныңызша тарта аласыз. Құрылғының заряды 25 сеансқа жеткілікті болғандықтан, темекінің дәмін татқыңыз келетін кез келген жерге бара аласыз.
Сіз темекіні қыздыруға арналған Ploom X құрылғысын қолданып көруге дайынсыз ба? Кеңейтілген тест-драйвты пайдаланыңыз. Біз темекіні қыздыруға арналған Ploom X құрылғысын есігіңізге дейін жеткіземіз, осылайша, сіз темекі тұтынудың ең соңғы жетістіктерімен жайлы үй жағдайларында таныса аласыз.