Осы Құпиялылық саясатын «Джей Ти Ай Қазақстан» ЖШС (БСН 070440001301, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, В36С0В6, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, «Алматы – Қапшағай» автожолының 23 км учаскесі, 3-үй) осы веб-сайтты пайдалануыңызға байланысты жинайтын және өңдейтін дербес деректерді жинауға, өңдеуге және қорғауға біздің тәсілдерімізді сипаттау мақсатында әзірледі.
Осы веб-сайтты пайдалануға байланысты Сіздің дербес деректеріңізді жинай және өңдей отырып, біз дербес деректерді қамтитын база операторы ретінде әрекет етеміз және Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа аламыз. Осы Саясатқа және веб-сайтты пайдаланушы мен біз арасындағы қатынастарға Қазақстан Республикасының құқығы қолданылуы тиіс. Бізге өзіңіздің дербес деректеріңізді бере отырып, сіз осы Саясаттың ережелерімен келісесіз.
Осы веб-сайтта тіркеуден өте отырып және оны пайдалана отырып, Сіз осы Саясатпен, онда көрсетілген дербес деректерді жинау және өңдеу шарттарымен сөзсіз келісесіз және веб-сайтты қолдау және веб-сайтты пайдаланушыларға барлық сервистерді ұсыну үшін тартылатын барлық тұлғаларға, соның ішінде дербес деректерді трансшекаралық беруді қоса алғанда, өз дербес деректеріңізді беруге ақпараттандырылған келісім бересіз. Осы шарттармен келіспеген жағдайда пайдаланушы веб-сайтты пайдаланудан бас тартуы керек.
Пайдаланушыны веб-сайтта тіркелу кезінде пайдаланушының тиісті өріске құсбелгі қою арқылы алған дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі заңды түрде маңызды болып табылады, веб-сайттың пайдаланушысы үшін заңды салдарға әкеп соғады және сот талқылауы жағдайында рұқсат етілген дәлел болып табылады.
Біз автоматты түрде жиналатын мәліметтерді қоспағанда, Сіз бізге беретін дербес деректерді ғана өңдейміз (осы Саясаттың 6-бөлімінде көрсетілгендей). Төменде біз Сіздің осы веб-сайтты пайдалануыңызға байланысты өңдейтін дербес деректерді, сондай-ақ қандай дербес деректерді және қандай мақсатта өңдейтінімізді нақтылаймыз.
Біз тұтынушыларымызға жақынырақ болу, оларды түсіну және оларға ең жақсысын ұсыну үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Біз кемінде 21 (жиырма бір) жастағы, құрамында никотин бар өнімдерді тұтынушылардың дербес деректерін оларды белгілі бір тұлғалар тобы ретінде тіркеу мақсатында, сонымен қатар веб-сайтқа кіру, бағдарламаларға қатысу, статистикалық есептілік жасау, сауалнамалар, зерттеулер жүргізу, кез келген байланыс құралдары көмегімен веб-сайтты пайдаланушылармен байланыстарды жүзеге асыру үшін ұсынылған деректерді тексеру мақсатында өңдейміз.
Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға байланысты біз тегі, аты, әкесінің аты, жынысы, туған күні мен туған жері туралы мәліметтерді, ЖСН, жеке басын куәландыратын құжаттардың деректерін, тұрғылықты жері туралы мәліметтерді, байланыс деректерін, сондай-ақ өзге де деректерді жинаймыз және өңдейміз.
Веб-сайт пайдаланушыларының дербес деректерін жинау және өңдеу үшін біз пайдаланушының тиісті келісіміне сүйенеміз.
Біз Сіздің дербес деректеріңізді автоматтандыру құралдары арқылы және оларсыз да өңдейміз. Сіздің дербес деректеріңізді өңдеу кезінде біз дербес деректермен мынадай әрекеттерді жасаймыз: жинау, өңдеу, пайдалану, жинақтау, бұғаттау, иесіздендіру, жою, сақтау, тарату, трансшекаралық беру (оның ішінде өңдеу процесінде), үшінші тұлғаларға беру, жазу, жүйелеу, нақтылау (жаңарту, өзгерту), алу.
Кейбір мессенджерлер өзінің чат тізіміндегі үшінші тараптармен сөйлесуге, оларды топтарға қосуға немесе олардың функцияларына қол жеткізу үшін арнайы «кіріктірілген» интерфейсті пайдалануға көмектесетін чат-боттарды құруға мүмкіндік беретіндіктен және осы әрекеттердің кез келгенін орындау арқылы, Сіз дербес деректеріңіздің бір бөлігін чат-бот әзірлеуші үшінші тараптарға беретіндіктен, Сізге мессенджерлердің пайдаланушы келісімдерінің шарттары да қолданылады. Сіз тиісті мессенджердің пайдаланушы келісімін қолданар алдында, онымен танысуыңыз керек.
Чат-ботты пайдалану Сіздің осы Құпиялылық саясатымен және дербес деректерді өңдеу шарттарымен келісіміңізді білдіреді. Келіспесеңіз, чат-ботты пайдалануды тоқтатуыңыз керек.
Бұл Саясат чат-ботты пайдалану кезінде Сіз туралы ала алатын барлық ақпаратқа қатысты болып келеді.
Чат-бот, Сіздің сұрауларыңызды автоматты түрде қабылдайтын және біздің өнімдеріміз, бағдарламаларымыз туралы қарапайым стандартты сұрақтарға, «сенім телефоны» сұрақтарына және т.б. жауап бере алатын бағдарлама ретінде түсініледі.
Чат-ботты пайдалануға байланысты біз өңдейтін чат-бот сұрақтарына жауап беру арқылы Сіз ұсынатын дербес деректер, сондай-ақ Сіздің дербес деректеріңізді өңдеу мақсаттары осы Саясатта көрсетілген.
Біз Интернет желісінің табиғатына байланысты Интернет желісінің кез келген басқа пайдаланушысына қолжетімді болып қалуы мүмкін (мысалы, Сіз бөгде веб-сайттарда мессенджер профиліңіздің деректерін еркін орналастырған кезде) Сіз туралы ақпаратқа қол жеткізу үшін жауапкершілік көтермейміз.
Веб-сайттың жұмысын жақсарту және оны пайдалануды жеңілдету үшін веб-сайтта арнайы cookies технологиясы қолданылуы мүмкін. Саясаттың бұл бөлімінде Сіз cookies файлдарының не екенін және олардың қалай қолданылатынын біле аласыз.
Cookies – бұл веб-сайт Сіздің құрылғыңызда сақтайтын, сондай-ақ жаңартуға және қалпына келтіруге болатын деректерді сақтау арқылы веб-сайттағы белгілі бір әрекеттерді жазу үшін пайдаланатын шағын деректер файлдары. Бұл файлдар Сіздің құрылғыңызда сақталады және Сіздің жабдығыңызға нұқсан келтірмейтін деректерді қамтиды. Олар таңдалған тіл және қатынасу деректері сияқты қалауларыңызды жазып алу және Веб-сайтты дербестендіру үшін пайдаланылады.
Cookies веб-сайтты қалай пайдаланатыныңыз туралы ақпаратты сақтау үшін де пайдаланылуы мүмкін. Мысалы, қай беттен немесе қай баннерден веб-сайтқа өткеніңіз туралы ақпаратты сақтайды.
Әдетте, cookies келесі түрлері қолданылады:
Біз cookies файлдарын өңдеуге Сіздің келісіміңізді сұраймыз. Сондай-ақ, кез келген уақытта cookies файлдарын өңдеуге келісіміңізді қайтарып алуға және шолғышыңыздың теңшелімдерін өзгерту арқылы Компьютеріңізде сақталатын cookies файлдарын жоюға болады.
Төменде Сіз тиісті шолғыштың теңшелімдерін өзгерту туралы қосымша ақпаратқа сілтемелер таба аласыз.
Chrome (RU):
https://support.google.com/chrome/answer/95647?hl=ru
Explorer (RU):
https://support.microsoft.com/ru-ru/help/17442/windows-internet-explorer-delete-manage-cookies
Safari (RU):
https://support.apple.com/ru-ru/guide/safari/manage-cookies-and-website-data-sfri11471/mac
Соңында, егер Сіз cookies файлдарын орнату процесін бақылағыңыз келсе, шолғышыңызға құрылғыда қандай cookies файлдарын сақтауға рұқсат беретініңізді таңдауға мүмкіндік беретін қадағалауға тыйым салу құралдары ретінде танымал арнайы бағдарламаларды немесе толықтырмаларды орнатуға болады.
Біз Сіздің дербес деректеріңізді осы Саясатта көрсетілген өңдеу мақсаттарына жету үшін талап етілген уақыттан ұзақ өңдемейміз.
Дербес деректерді өңдеу мақсаттарына қол жеткізгеннен кейін, біз дербес деректерді жоямыз (және (немесе) өңдеуге тартылған үшінші тұлғалардың оларды жоюын қамтамасыз етеміз). Егер Сіз дербес деректерді жинауға және өңдеуге өз келісіміңізді қайтарып алсаңыз (келісім Сіздің дербес деректеріңізді өңдеу үшін жалғыз заңды негіз болған жағдайда), біз Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуді тоқтатамыз (сондай-ақ оларды өңдеуге тартылған үшінші тұлғалардың жоюын қамтамасыз етеміз).
Қазіргі жағдайда бизнесті жүргізу техникалық және өзге де мәселелер бойынша көптеген мамандар мен кеңесшілерді тартуды, сондай-ақ Japan Tobacco International (JTI) халықаралық компаниялар тобының жаһандық процестері шеңберінде, оның ішінде Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге және олардың құпиялылығы мен қорғалуын қамтамасыз етуге байланысты күрделі ақпараттық жүйелер мен АТ инфрақұрылымдарын пайдалануды көздейді.
Жоғарыда аталған тұлғаларды тарта отырып және оларға дербес деректерді өңдеуді тапсыра отырып, біз Сіздің дербес деректеріңіздің операторы бола отырып, жоғарыда аталған үшінші тұлғалардың Сіздің дербес деректеріңізге қатысты құпиялылықты сақтауын, сондай-ақ олардың осы деректерді қорғаудың қажетті ұйымдастырушылық, заңдық және техникалық шараларын қабылдауын қамтамасыз етеміз. Біз тартатын үшінші тұлғалар Сіздің дербес деректеріңізді бізге тиісті қызметтер көрсету мақсатында және біз айқындаған операцияларды жасау жолымен ғана өңдейді.
Сіздің дербес деректеріңізді өңдеудің негізгі қағидаттарының бірі – олардың құпиялылығы мен қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады. Ол үшін біз Сіздің дербес деректеріңізді заңсыз немесе кездейсоқ қол жеткізуден, оларды жоюдан, өзгертуден, бұғаттаудан, көшіруден, беруден, таратудан, сондай-ақ дербес деректерге қатысты басқа да заңсыз әрекеттерден қорғау үшін техникалық, заңды және ұйымдастырушылық қауіпсіздік шараларын қабылдаймыз және қабылдайтын боламыз.
Сіздің дербес деректеріңізді жинауға және өңдеуге қатысты келесі құқықтарыңыз бар:
· Дербес деректеріңізге қол жеткізу;
Егер сіз жоғарыда аталған құқықтардың кез келгенін жүзеге асырғыңыз келсе, бізге [email protected] электрондық поштасы арқылы хабарлама жіберіңіз, ал біз Сізге сұрауды жазбаша түрде жіберу тәртібін түсіндіреміз, сондай-ақ қажет болған жағдайда Сізге осындай сұраудың нысанын (үлгісін) береміз. Сонымен қатар, Сіз бізге жазбаша сұрауыңызды келесі мекенжайға дереу пошта арқылы жібере аласыз: Қазақстан Республикасы, В36С0В6, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, «Алматы – Қапшағай» автожолының 23 км учаскесі, 3-үй.
Біз осы Құпиялылық саясатын өзгерту және жаңарту құқығын өзімізге қалдырамыз.
Егер біз Құпиялылық саясатын өзгерту немесе жаңарту туралы шешім қабылдайтын болсақ, онда біз бұл өзгерістерді (жаңартылған Саясатты) веб-сайтқа орналастырамыз.
Осы Саясатпен реттелмеген барлық мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алу қажет.