Веб-сайтқа тіркелу арқылы, мен:
1. 21 (жиырма бір) жасқа толған темекі өнімдерін және (немесе) құрамында никотин бар басқа да өнімдерді тұтынушы болып табылатынымды растаймын және «Джей Ти Ай Қазақстан» ЖШС-нан(БСН 070440001301, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, В36С0В6, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, «Алматы – Қапшағай» автожолының 23 км учаскесі, 3-үй) және ол уәкілеттік берген адамдардан кез келген байланыс құралдарымен кез келген ақпаратты және кез келген мүлікті алуға, сондай-ақ оларға мені суретке түсіруге және бейнеге жазуға, сондай-ақ менің атым мен кескінімді пайдалануға, оның ішінде кез келген тәсілмен, кез келген аумақта, өтеусіз негізде және белгісіз мерзім ішінде жариялау, көбейту және тарату арқылы пайдалануға өз келісімімді беремін;
2. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V ҚРЗ Заңына сәйкес, мен (менің тегім, атым, әкемнің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) тіркеу нысанында көрсетілген және дербес деректерді жинауға және өңдеуге осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады) «Джей Ти Ай Қазақстан» ЖШС-не (БСН 070440001301, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, В36С0В6, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, «Алматы – Қапшағай» автожолының 23 км учаскесі, 3-үй) және ол уәкілеттік берген адамдарға менің дербес деректерімді (тізбесі тіркеу нысанында қамтылған және дербес деректерді жинауға және өңдеуге осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын дербес деректерді) жинауға, өңдеуге, пайдалануға, жинақтауға, бұғаттауға, иесіздендіруге, жоюға, сақтауға, таратуға (оның ішінде жалпыға қолжетімді көздерде), сондай-ақ трансшекаралық беруге (оның ішінде өңдеу процесінде) және үшінші тұлғаларға хабардар етпей беруге келісім беремін: 1) 21 (жиырма бір) жасқа толған, темекі өнімдерін және (немесе) құрамында никотин бар басқа да өнімдерді тұтынушылардың дербес деректерін қамтитын кез келген нысандағы дерекқорды құру және жүргізу; 2) жоғарыда аталған тұтынушыларға кез келген ақпарат пен кез келген мүлікті кез келген байланыс құралдарымен беру және олардан алу. Дербес деректерді жинауға және өңдеуге жоғарыда көрсетілген келісім белгісіз мерзім ішінде қолданылады.
Дербес деректерді жинауға және өңдеуге жоғарыда көрсетілген келісімді мынадай тәсілдердің бірімен кері қайтарып алуға болады:
1. тіркеу кезінде көрсетілген тегі, аты, әкесінің аты және мекенжайы көрсетілген хатты [email protected] электрондық поштасына жіберу арқылы;
2. «Джей Ти Ай Қазақстан» ЖШС (Қазақстан Республикасы, В36С0В6, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, «Алматы – Қапшағай» автожолының 23 км учаскесі, 3-үй) мекенжайына жазбаша сұрау жіберу арқылы;
3. веб-сайттың «Жеке кабинет» бөлімінде.