1.1. www.ploom.kz веб-сайтының (бұдан әрі – «Веб-сайт») әкімшісі – «Джей Ти Ай Қазақстан» ЖШС (БСН 070440001301, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, В36С0В6, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, «Алматы – Қапшағай» автожолының 23 км учаскесі, 3-үй). Веб-сайтты әкімшілендіруге басқа адамдар да тартылуы мүмкін (бұдан әрі барлығы бірге – «Әкімші»).
1.2. Веб-сайт белгілі бір адамдар тобына арналған. Темекі бұйымдарын және (немесе) құрамында никотин бар басқа да өнімдерді тұтынушылар болып табылатын, Веб-сайтта тіркеуден өткен не Әкімшіден өзге тәсілмен веб-сайтқа кіруге рұқсат алған Қазақстан Республикасының кемінде 21 (жиырма бір) жастағы әрекетке қабілетті азаматтары ғана Веб-сайт пайдаланушылары (бұдан әрі – «Пайдаланушылар») бола алады.
2.1. Веб-сайтқа тіркелу үшін тіркеу нысанының барлық өрістерін толтыру қажет. Веб-сайтта тіркелу үшін ұсынылатын ақпарат толық және дәйекті болуы керек. Әкімші кез келген адамға себебін түсіндірместен Веб-сайтта тіркеуден бас тартуға құқылы.
2.2. Веб-сайтқа тіркелу арқылы Пайдаланушы:
2.2.1. 21 (жиырма бір) жасқа толған, темекі өнімдерін және (немесе) құрамында никотин бар басқа да өнімдерді тұтынушы болып табылатынын растайды және Әкімшіден және ол уәкілеттік берген адамдардан кез келген байланыс құралдарымен кез келген ақпаратты және кез келген мүлікті алуға келіседі, сондай-ақ оны суретке түсіруге және бейнеге жазуға, сонымен қатар оның аты мен кескінін пайдалануға, оның ішінде кез келген тәсілмен, кез келген аумақта, өтеусіз негізде және белгісіз мерзім ішінде жариялау, көбейту және тарату арқылы пайдалануға өзінің келісімін береді;
2.2.2. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V ҚРЗ Заңына сәйкес Әкімшіге және ол уәкілеттік берген адамдарға Пайдаланушыны хабардар етпей Пайдаланушының дербес деректерін келесі мақсатта жинауға, өңдеуге, пайдалануға, жинақтауға, бұғаттауға, иесіздендіруге, жоюға, сақтауға, таратуға (оның ішінде жалпыға қолжетімді көздерде), сондай-ақ трансшекаралық беруге (оның ішінде өңдеу барысында) және үшінші тұлғаларға беруге келісімін береді: 1) 21 (жиырма бір) жасқа толған, темекі бұйымдарын және (немесе) құрамында никотин бар басқа да өнімдерді тұтынушылардың дербес деректерін қамтитын кез келген нысандағы дерекқорды құру және жүргізу; 2) жоғарыда аталған тұтынушыларға кез келген ақпарат пен кез келген мүлікті кез келген байланыс құралдарымен беру және олардан алу. Дербес деректерді жинауға және өңдеуге жоғарыда көрсетілген келісім белгісіз мерзім ішінде қолданылады.
2.3. Веб-сайтқа тіркелген кезде әр Пайдаланушыға тек бір есептік жазба беріледі. Бір Пайдаланушының бір есептік жазбадан артық пайдалануына жол берілмейді.
2.4. Пайдаланушының Веб-сайтта тіркелуі және Пайдаланушының Веб-сайтты одан әрі пайдалануы Пайдаланушының осы Шарттармен, оның ішінде олардың барлық кейінгі өзгерістері және толықтыруларымен танысуын және толық келісуін білдіреді.
2.5. Пайдаланушы веб-сайтқа кіру үшін пайдаланылатын өзінің логині мен құпиясөзін үшінші тұлғаларға беруге құқылы емес. Пайдаланушының логині мен құпиясөзін үшінші тұлғалар пайдаланған жағдайда, Әкімші пайдаланушының есептік жазбасының қолданылуын тоқтата тұруға немесе мүлдем тоқтатуға құқылы. Пайдаланушы Веб-сайтқа кіру үшін қажетті логин мен құпиясөз сақталуын қамтамасыз етпегені үшін, сондай-ақ үшінші тұлғалардың логині мен құпиясөзіне рұқсатсыз қол жеткізгені үшін дербес жауапты болады. Пайдаланушының логині мен құпиясөзін қолдана отырып жасалған кез келген әрекетті Пайдаланушының өзі жасаған деп саналады. Пайдаланушының логині мен құпиясөзіне рұқсатсыз қол жеткізу немесе Пайдаланушының логині мен құпиясөзін үшінші тұлғаларға беру жағдайында, Пайдаланушы бұл туралы Әкімшіге дереу хабарлауға міндетті.
3.1. Осы Шарттарда көзделген Пайдаланушының өзге де міндеттерінен басқа, Пайдаланушы келесіге міндетті болады:
3.1.1. осы Шарттарды сақтауға;
3.1.2. Веб-сайтты басқа Пайдаланушылардың және кез келген өзге үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзбайтындай етіп пайдалануға;
3.1.3. мораль мен адамгершіліктің жалпы қабылданған нормаларын сақтау, басқа Пайдаланушыларға, Әкімшіге және кез келген өзге үшінші тұлғаларға қатысты агрессия мен әдепсіз мінез-құлық көрсетпеу;
3.1.4. келесі ақпарат пен кескіндерді орналастырмау:
1) балағат сөздер, ұятсыз сөздер, соның ішінде басқа Пайдаланушыларға, Әкімшіге және кез келген үшінші тұлғаларға, қандай да бір тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге, сондай-ақ кез келген белгі бойынша қорлаушы және кемсітуші сипаттағы мәлімдемелерге қатысты;
2) жарнама, спам және Веб-сайт тақырыбына сәйкес келмейтін кез келген басқа ақпарат;
3) Әкімші Веб-сайтта болмауы керек деп санайтын кез келген басқа ақпарат.
3.2. Әкімші келесі жағдайда Пайдаланушының Веб-сайтқа кіруін тұрақты немесе уақытша бұғаттауға немесе Пайдаланушыға қандай да бір өтемақы бермей, сондай-ақ мынадай жағдайларда Пайдаланушының қандай да бір шығыстарын өтемей, Пайдаланушының Веб-сайттағы қандай да бір бағдарламаға қатысуын тоқтатуға құқылы:
3.2.1. Пайдаланушы осы Шарттарды бұзған жағдайда;
3.2.2. егер Әкімшіде Пайдаланушы (немесе Пайдаланушының мүддесі үшін әрекет ететін басқа тұлға) техникалық, бағдарламалық немесе өзге құралдарды қолдану арқылы, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген бағдарламалардың ережелерінде көзделмеген өзге де тәсілдермен Веб-сайттағы бағдарламалардың шарттарына қол жеткізуге тырысады деген күдік туындаған жағдайда;
3.2.3. Әкімшінің қалауы бойынша басқа жағдайларда.
3.3. Әкімші Пайдаланушыны оның Веб-сайтқа немесе Веб-сайттағы қандай да бір бағдарламаға кіруін тоқтату немесе тоқтата тұру туралы хабардар етпеуге құқылы. Мұндай Пайдаланушының Веб-сайттағы белсенділігінің қорытындысы бойынша қандай да бір мүлікті алуға талаптануға құқығы жоқ.
Әкімші Пайдаланушылардың Веб-сайтты пайдалануына қатысты қандай да бір шығындары үшін, соның ішінде Веб-сайтты пайдаланумен байланысты жабдыққа немесе бағдарламалық жасақтамаға келтірілген залал үшін жауап бермейді.
5.1. Әкімші кез келген уақытта Веб-сайттың рәсімделуін және (немесе) мазмұнын өзгертуге, пайдаланылған скрипттерді, бағдарламалық жасақтаманы және Веб-сайтта пайдаланылатын немесе сақталатын басқа да объектілерді өзгертуге немесе толықтыруға, Пайдаланушылардың келісімінсіз және оларды ескертусіз барлық немесе жекелеген Пайдаланушылар үшін Веб-сайтқа немесе оның жекелеген бөлімдеріне кіруді бұғаттауға құқылы. Әкімші Пайдаланушылардың Веб-сайтта ұсынылған және пайдалану кезінде ескіруі мүмкін ақпаратты пайдаланғаны үшін жауап бермейді.
5.2. Веб-сайтқа және оның барлық мазмұнына айрықша құқықтар Әкімшіге тиесілі (жекелеген жағдайларда өзге тұлғаларға да тиесілі болуы мүмкін). Пайдаланушылардың осы Шарттарға және Веб-сайттың мақсатына сәйкес келетін өздерінің жеке коммерциялық емес мақсаттарында Веб-сайтты пайдалануын қоспағанда, айрықша құқықтардың тиісті иелерінің алдын ала жазбаша келісімін алмай, Веб-сайтты көшіруге және кез келген өзге де пайдалануға жол берілмейді.
5.3. Әкімші Пайдаланушыларға ескертусіз кез келген кезеңде веб-сайтта техникалық жұмыстарды жүргізуге құқылы, нәтижесінде Веб-сайт Пайдаланушылар үшін толық немесе ішінара қолжетімсіз болуы мүмкін.
5.4. Веб-сайтты пайдалану кезінде Пайдаланушылар ұсынған кез келген материалдар Ұйымдастырушының меншігіне айналады және Пайдаланушыларға қайтарылмайды.
5.5. Әкімші Пайдаланушылармен жазбаша немесе кез келген өзге байланысқа түспеуге құқылы.
5.6. Әкімші Пайдаланушылардың келісімінсіз және оларды ескертусіз осы Шарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.
5.7. Егер осы Шарттардың қандай да бір ережелері жарамсыз деп танылса, бұл осы Шарттардың қалған ережелерінің жарамдылығына әсер етпейді.