Құрметті сатып алушы, сатып алудан бұрын, Ploom ресми интернет-дүкенінің осы ережелерін мұқият оқып шығыңыз. Интернет-дүкеннің функционалын пайдалану, Сіздің осы Ережеде көрсетілген шарттармен танысқаныңызды және толық келісетіндігіңізді және оларды орындауға міндеттеме алатыныңызды білдіреді.
Темекі қыздыру жүйелерін және қыздырылатын темекі таяқшаларын (стиктерін) 21 (жиырма бір) жасқа толған адамдарға ғана сатуға болады. Ploom ресми интернет-дүкені тауарды сатушының тікелей қатысуынсыз сауда автоматтары, өзге де электрондық немесе механикалық құрылғылар арқылы сатуды көздемейді. Тауар сатып алушының мекенжайы бойынша жеткізілген кезде, оны сатушының өкілі сатып алушыға береді. Сатып алушының жасы кемінде 21 (жиырма бірде) екеніне күмән туындаған жағдайда, тауарды сатып алушыға жеткізген сатушының өкілі сатып алушыдан жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуін талап етуге міндетті. Сатып алушының жеке басын куәландыратын құжат ұсынылмаған жағдайда, тауарды жеткізген Сатушының өкілі тауарды сатып алушыға сатудан бас тартуға міндетті.
Импорттаушы – Қазақстан Республикасының аумағында Интернет-дүкенде іске асырылатын тауарлардың ресми импорттаушысы «Джей Ти Ай Қазақстан» ЖШС (БСН: 070440001301, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, В36С0В6, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, «Алматы – Қапшағай» автожолының 23 км учаскесі, 3-үй);
Сатушы – Интернет-дүкенде тауарларды сатумен айналысатын ұйым – «Эраунд Групп» ЖШС (БСН: 221240015518, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Алмалы ауданы, Құрманғазы көш., 61-үй, 2-пәтер);
Сатып алушы — тауарды жеке мақсатта пайдалану үшін сатып алатын жеке тұлға;
Тауар — сатып алушыларға танысуға және сатып алуға ұсынылатын, Интернет-дүкенде орналастырылатын өнім;
Қолдау қызметі – тұтынушыларға тауар, тұтынушылардың тапсырыстары және оларды жеткізу туралы ақпаратты, сондай-ақ Интернет-дүкеннің жұмыс ережелері шеңберінде тұтынушыға қажетті өзге де ақпаратты ұсынуға жауапты Сатушының байланыс орталығы. Қолдау қызметінің телефон нөмірі: 8-8000-80-1991 немесе 9020.
Интернет-дүкеннің қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Сатушы Интернет-дүкенде сатып алуға ұсынылатын Тауардың ассортиментін, сондай-ақ ол туралы барлық ақпаратты және Интернет-дүкеннің қызметіне қатысты кез келген өзге ақпаратты орналастырумен айналысады.
Тауарды дайындау орны, бағасы, оны сатып алу шарттары және қызмет ету мерзімдері туралы ақпарат Интернет-дүкеннің тиісті бөлімінде (Тауар карточкасында) көрсетіледі.
Интернет-дүкенде орналастырылған ақпарат (бейне, фото, мәтін, Тауардың құны және т.б.) анықтамалық сипатқа ие және Тауардың пішінін, өлшемін, түсін, бағасын және т.б. қоса алғанда, Тауардың сыртқы түрі мен сипаттамаларын дәл және (немесе) толық көрсетпеуі мүмкін.
Сатушы кез келген уақытта Интернет-дүкенде және чат-боттарда Тауарлардың бағасы туралы ақпаратқа өзгерістер енгізу арқылы Сатып алушылардың келісімінсіз және оларды ескертусіз Тауардың бағасын өзгертуге құқылы. Бұл ретте, Сатып алушы тапсырыс берген тауарлардың бағасы өзгертуге жатпайды.
Сатушы ақпараты Интернет-дүкенде және чат-боттарда жарияланатын жеңілдіктер мен өзге де арнайы ұсыныстарды белгілеуге құқылы. Сонымен қатар Сатушы жоғарыда аталған жеңілдіктер мен ұсыныстарды алу үшін Сатып алушылар орындауы тиіс шарттарды белгілеуге құқылы.
Интернет-дүкеннің жұмысына, тапсырысты рәсімдеуге, Тауарды сатып алуға және (немесе) жеткізуге қатысты кінәрат-талаптарды Сатып алушы былайша жіберуге тиіс:
Интернет-дүкенде, оның ішінде чат-боттар интерфейсі арқылы және басқа қолданбаларда сатып алу үшін Сатып алушы өзінің кемінде 21 (жиырма бір) жасқа толғанын растауға міндетті. Сондай-ақ Сатып алушы Веб-сайтты пайдалану шарттарына сәйкес жеке кабинет (логин және құпиясөз) құруы керек.
Тіркелу үшін Сатып алушы ЖСН қоса алғанда, дербес деректері бар сауалнаманы толтырып, өзінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімін беруі керек. «*» деп белгіленген деректер міндетті болып табылатынын ескеріңіз.
Құпиясөзді ұмытып қалсаңыз, құпиясөзді қалпына келтіру функциясын қолданыңыз. Құпиясөз Сізге электрондық пошта мекенжайына жіберіледі.
Интернет-дүкенде Тауарды сатып алудың шарты, Сатып алушының бірқатар әрекеттерді жүзеге асыруы болып табылады, атап айтқанда:
Бөлшек сатып алу-сату шартының жасалғанын растау үшін Сатып алушыға тапсырыс нөмірі бар электрондық хат; тапсырыстың құрамы; Сатып алушы тіркеу кезінде жеке кабинетте көрсеткен электрондық поштаға алу және төлеу тәсілі жіберіледі.
Тапсырысты алған кезде Сатып алушы жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну арқылы Сатып алушының кемінде 21 (жиырма бір) жасқа толғанын растауға дайын болуы тиіс. Сатып алушының жеке басын куәландыратын құжат ұсынылмаған жағдайда, Тауарды жеткізген Сатушының өкілі Тауарды Сатып алушыға сатудан бас тартуға міндетті.
Тауарға меншік құқығы және Тауарға қатысты барлық тәуекелдер Тауарды сатып алушыға беру кезінде Сатушыдан Сатып алушыға ауысады.
Сатып алушы алынған Тауарды қарап шығуға және Тауардың тапсырыс берілген Тауардың санына, ассортиментіне, толықтығына және оның қаптамасының ұтастығына сәйкестігін тексеруге міндетті. Тауарға кінәрат-талаптар болмаған жағдайда, Сатып алушы тауарға ілеспе құжаттарға өз қолын қоюға немесе Тауарды алғанын растау үшін Сатып алушы SMS-хабарламада алған кодты хабарлауға міндетті.
Сатып алушы үшін Тауарды төлеудің келесі тәсілдері бар:
Тапсырыстар Алматы қаласының аумағы бойынша, демалыс күндерінсіз, сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін жеткізіледі. Тапсырысты растау кезінде нақты жеткізу уақыты мен уақыт аралықтары жазып алынады.
Тауар осы Ережелерде белгіленген мерзімдерде жеткізілсе, бірақ Тауар Сатып алушыға өз кінәсінан берілмесе, кейіннен жеткізу Сатушымен келісілген жаңа мерзімдер ішінде жүргізіледі.
Тапсырыстарды Сатушы таңдаған үшінші тұлға жеткізеді. Жеткізу құны – тегін.
Стандартты жеткізу
Тапсырыс берілген Тауар қоймада болған және тапсырыс Алматы қаласы уақыты бойынша сағат 16:00-ге дейін орналастырылған жағдайда, Сатып алушы Тауарға тапсырыс берген күннен кейінгі бірінші жұмыс күні Алматы қаласы бойынша жүзеге асырылады.
Тапсырысты Алматы қ. уақыты бойынша сағат 16:00-ден кейін орналастырған жағдайда, тапсырыс Сатып алушы тапсырысты орналастырған күннен кейінгі екінші жұмыс күні жеткізіледі.
Жедел жеткізу
Тапсырыс Алматы қаласының уақыты бойынша сағат 19:00-ге дейін рәсімделген болса және тапсырыс берілген Тауар қоймада болса, тапсырыс орналастырған күні Алматы қаласы бойынша жүзеге асырылады. Жедел жеткізумен бірге тапсырыс рәсімдеу мүмкіндігі Интернет-дүкеннің Қолдау қызметінен тапсырысты растайтын қоңырау барысында нақтылануы керек. Қарбалас уақытта, демалыс және мереке күндері орындау мерзімі ұлғаюы мүмкін.
Сатып алушы тапсырыс берілген Тауарды алмай тұрып, одан кез келген уақытта бас тартуға құқылы.
Сатушы, егер Тауар пайдаланылмаған болса, оның тауарлық түрі, тұтыну қасиеттері, пломбалары, құлақшалары, сондай-ақ Тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат сақталса, тиісті сападағы Тауарды 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті.
Тауарды бермей тұрып, оны алудан бас тартуды ресімдеу немесе Тауарды қайтару үшін біздің Қолдау қызметіне келесі телефон арқылы хабарласыңыз: 8-8000-80-1991 немесе 9020.
Қалған барлық жағдайда, Тауарды қайтаруға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданылады.
Сатушы Сатып алушыларды алдын ала ескертусіз және олардың келісімінсіз осы Ережелердің шарттарын өзгерту құқығын өзіне қалдырады. Ережелердің жаңа редакциясы осы бөлімде орналастырылады және жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.