Осы Тест-драйв өткізуге арналған шарт (мүлікті өтеусіз пайдалану шарты) (бұдан әрі «Шарт» деп аталады) — Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 389-бабында көзделген қосылу шарты және КОМПАНИЯ (төменде айқындалғандай) мен осы Шартқа төменде көрсетілген тәсілмен құптау жолымен толық және сөзсіз қосылған ТҰТЫНУШЫ (төменде айқындалғандай) арасындағы қатынастарды реттейді.
Осы Шартта мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) «Ploom жиынтығы» – тұтынушы қаптамасына оралған қуат көзі, USB кабелі, тазалау таяқшасы, пайдаланушы нұсқаулығы (басшылығы) және қауіпсіздік техникасы нұсқаулығы бар бір жаңа «Ploom X» темекі қыздыру құрылғысы;
2) «Тест-драйв» – ТҰТЫНУШЫҒА оның қалауы бойынша Ploom жиынтығын танысу, «Ploom X» темекі қыздыру құрылғысын сынап көруге мүмкіндік беру, оның өз қажеттіліктеріне сәйкестігін бағалауға, сондай-ақ оны ықтимал сатып алу жөнінде шешім қабылдау мақсатында уақытша өтеусіз пайдалануға беру;
3) «JTI» – «Джей Ти Ай Қазақстан» ЖШС (БСН: 070440001301, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, В36С0В6, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, «Алматы-Қапшағай» автожолының 23 км учаскесі, 3 үй), «Ploom X» темекі қыздыру құрылғыларын Қазақстан Республикасының аумағына импорттаушы және жеткізуші, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардың талаптарын қабылдауға уәкілетті ұйым;
4) «КОМПАНИЯ» – «Эраунд Групп» ЖШС (БСН: 221240015518, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Құрманғазы көшесі, 61-үй, 2-пәтер), Ploom жиынтығын ТҰТЫНУШЫҒА осы Шарт бойынша Тест-драйв үшін беретін, Жарғы негізінде әрекет ететін директор атынан Лапек Константин Алексеевич. Ploom жиынтығы КОМПАНИЯҒА меншік құқығы бойынша тиесілі;
5) «ТҰТЫНУШЫ» – кемінде 21 (жиырма бір) жастағы, JTI тұтынушыларының дерекқорында тіркелген және Тест-драйв жүргізуге ниет білдірген және тиісті SMS-хабарламада алынған бір реттік құпиясөзді КОМПАНИЯ өкіліне беру арқылы осы Шартқа оны құптау арқылы қосылған белгілі бір топтағы адамдар қатарына кіретін, құрамында никотин бар өнім тұтынушысы;
6) «Тараптар» немесе «Тарап» – осы Шартта бірге немесе жеке-жеке айтылатын КОМПАНИЯ және ТҰТЫНУШЫ.
1.1. КОМПАНИЯ Тест-драйв жүргізу үшін Ploom жиынтығын ТҰТЫНУШЫҒА береді, ал ТҰТЫНУШЫ оны қабылдайды. Ploom жиынтығының құрамы Тараптар қол қоятын қабылдау-беру актісінде көрсетілген. Егер қазіргі уақытта Ploom жиынтығы КОМПАНИЯДА болмаса, КОМПАНИЯ ТҰТЫНУШЫҒА Ploom жиынтығын беруден бас тартуға құқылы.
1.2. ТҰТЫНУШЫ «Ploom X» темекі қыздыру құрылғысын пайдалану темекі мен басқа да темекі өнімдеріне зиянсыз балама емес екенін, денсаулыққа төнетін қауіп-қатерді бар екенін және тәуелділік тудыратынын біледі және соған келіседі.
2.1. Ploom жиынтығы ТҰТЫНУШЫҒА жеке пайдалану үшін беріледі. ТҰТЫНУШЫНЫҢ Ploom жиынтығын үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
2.2. ТҰТЫНУШЫ Ploom жиынтығын пайдаланушының нұсқаулығына және қауіпсіздік техникасы нұсқаулығына сәйкес мақсатына сай пайдалануға міндеттенеді.
2.3. ТҰТЫНУШЫ Ploom жиынтығының мақсатына сай пайдалануға мүмкіндік беретін жарамды күйде берілетінін растайды. Ploom жиынтығы берілген сәттен бастап, ТҰТЫНУШЫ пайдаланушы нұсқаулығын (басшылығын) және қауіпсіздік техникасы нұсқаулығын сақтамағаны үшін, оның ішінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген нұсқаулықтарды сақтамау нәтижесінде туындауы мүмкін барлық салдарлар үшін өзі жауапты болады. КОМПАНИЯ Ploom жиынтығын дұрыс пайдаланбау нәтижесінде ТҰТЫНУШЫҒА және (немесе) үшінші тұлғаларға келтірілген залал үшін жауап бермейді.
2.4. Егер де Ploom жиынтығының ақаулары осы Шартты жасасу кезінде ескертілген немесе ТҰТЫНУШЫҒА белгілі болса не Ploom жиынтығының жарамдылығын қарау немесе тексеру кезінде ТҰТЫНУШЫ анықтауы тиіс болса, КОМПАНИЯ мұндай ақаулар үшін жауап бермейді.
3.1. Ploom жиынтығы ТҰТЫНУШЫҒА 14 (он төрт) күнтізбелік күнге беріледі. Тараптардың қабылдау-өткізу актісіне қол қойған күні Тест-драйвтың бірінші күні болып саналады.
3.2. Тұтынушы қабылдау-өткізу актісінде көрсетілген Тест-драйв мерзімі аяқталған күні қалыпты тозуды ескере отырып, Ploom жиынтығын алған күйінде қайтаруға міндеттенеді. Ploom жиынтығын қайтару:
1) КОМПАНИЯ менеджеріне (жұмыс уақыты: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін) жүргізіледі. КОМПАНИЯ менеджері ТҰТЫНУШЫМЕН телефон арқылы алдын ала байланысады және Менеджер Ploom жиынтығын ТҰТЫНУШЫНЫҢ мекенжайы бойынша ала алатын уақытты анықтайды. Егер қайтару күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, қайтару күні одан кейінгі бірінші жұмыс күніне ауыстырылады; немесе
2) кез келген Ploom фирмалық дүкенінде (жұмыс уақыты: дүйсенбіден жексенбіге дейін, сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін) жүргізіледі. Ploom фирмалық дүкендерінің тізімін www.ploom.kz веб-сайтынан табуға болады.
3.3. ТҰТЫНУШЫ Ploom жиынтығын өзі алған жиынтықта; оны мақсатына сай пайдалануға мүмкіндік беретін жағдайда; сондай-ақ қандай да бір механикалық және өзге де зақымдарсыз қайтаруға міндеттенеді.
3.4. Ploom жиынтығын қайтару ТҰТЫНУШЫ мен КОМПАНИЯ өкілінің Ploom жиынтығын қайтару актісіне қол қоюы арқылы расталады.
4.1. Осы Шарт бойынша Тараптардың жауапкершілігі нақты залал мөлшерімен шектеледі.
4.2. Тұтынушы Ploom жиынтығын берген ТҰТЫНУШЫНЫҢ немесе үшінші тұлғаның кесірінен Ploom жиынтығы бүлінген, бұзылған немесе функционалдығы толық немесе ішінара жоғалған жағдайда, ТҰТЫНУШЫ КОМПАНИЯДАН кінәрат-талап алған күннен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде Ploom жиынтығының толық немесе ішінара құнын КОМПАНИЯҒА өтеуге міндеттенеді.
4.3. ТҰТЫНУШЫ КОМПАНИЯҒА 8-8000-80-1991 немесе 9020 телефоны бойынша Ploom жиынтығының сыну, істен шығу, жоғалу, зақымдану, бүліну, ұрлану сияқты барлық жағдайлары туралы дереу хабарлауға міндеттенеді.
4.4. Тараптар, осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін осы Шарт жасалғаннан кейін Тараптардың еркіне қарамастан туындаған әскери іс-қимылдар, жер сілкінісі, су тасқыны, өрт және басқа да табиғат апаттары, мемлекеттік билік органдарының актілері немесе әрекеттері, оның ішінде тәуелсіз туындаған қызметті, импортты және (немесе) экспортты шектеу сияқты еңсерілмейтін күш мән-жайларына байланысты орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындай алмайтын Тарап бұл туралы екінші Тарапқа дереу хабарлауға және уәкілетті органдар немесе ұйымдар берген осындай мән-жайлардың болып жатқанын растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.
5.1. Осы Шарт ТҰТЫНУШЫНЫҢ осы Шартқа қосылған, сондай-ақ екі Тарап Ploom жиынтығын қабылдау-өткізу актісіне қол қойған сәтінен бастап күшіне енеді және Тараптар оны толық орындағанға дейін күшінде болады.
5.2. Тараптардың әрқайсысы екінші Тарапқа Шарт бұзылатын күнге дейін кемінде күнтізбелік 5 (бес) күн бұрын алдын ала ескертіп, осы Шартты орындаудан біржақты соттан тыс тәртіппен бас тартуға құқылы.
5.3. Ешбір Тарап екінші Тараптың алдын ала келісімінсіз осы Шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттерін үшінші тұлғаларға беруге құқылы болмайды.
5.4. Осы Шарттың қандай да бір ережелерінің жарамсыздығы басқа ережелердің жарамсыздығына әкеп соқпайды, сондай-ақ Тараптарға осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындаудан біржақты бас тарту құқығын бермейді.
5.5. Осы Шарт бойынша кез келген хат алмасуды, оның ішінде кез келген хабарландырулар мен кінәрат-талаптарды Тараптар электрондық пошта хабарламалары және өзге де электрондық хабарламалар, оның ішінде әртүрлі электрондық мессенджерлердегі хабарламалар түрінде жүзеге асыра алады.
5.6. Тараптар арасында келіссөздер жолымен шешілмеген барлық даулар Қазақстандық халықаралық төрелікте оның регламентіне сәйкес шешілуі тиіс. Төрелікте істі қарау орны Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы болады. Төрелікте істі қарау тілі орыс тілі болады.
5.7. КОМПАНИЯ осы Шартты ТҰТЫНУШЫҒА хабарламастан өзгертуге құқылы. Осы Шарттың өзгертілген нұсқасы ТҰТЫНУШЫҒА жіберілетін SMS-хабарламадағы сілтеме бойынша веб-бетте жарияланған күні күшіне енеді.