ТЕМЕКІНІ ҚЫЗДЫРУ ЖҮЙЕЛЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЭЛЕКТРОНДЫҚ СИГАРЕТТЕРДІ ШЕГУ БОЛЫП ТАБЫЛА МА?

Темекіні қыздыру жүйелерін пайдалануды электрондық сигареттерді шегумен салыстыру

Қараша, 2023

Өте қысқа жауабы — жоқ, темекіні қыздыру жүйелерін пайдалану электрондық сигареттерді шегу емес. Бұл олардың арасында ұқсастық жоқ екенін білдірмейді. 

Темекіні қыздыру жүйелері мен электрондық сигареттер дәстүрлі темекінің орнына ұсынылды және екі жағдайда да олар сіз дем алған кезде жұтатын буды шығарады. Бақытымызға орай, мұндай құрылғыларда жану қарастырылмағандықтан, олар әдеттегі сигареттер сияқты түтінмен немесе күлмен проблема тудырмайды.

Бірақ ұқсастығы осымен аяқталады.

Темекіні қыздыру жүйелерін пайдалануды электрондық сигареттерді шегумен салыстыру

Нағыз темекіні жанусыз қыздырудың бірегей технологиясы қолданылатын Ploom X сияқты темекіні қыздыруға арналған құрылғы — темекіні тұтынудан ләззат алудың заманауи тәсілін іздеушілер үшін оңтайлы таңдау. Оған қоса, темекіні қыздыруға арналған Ploom X құрылғысы қанық темекі дәмін қамтамасыз етеді, сонымен бірге ол айналамыздағы адамдарға көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді және дәстүрлі сигареттерді шегуге қарағанда олардың қаупі азырақ болуы ықтимал ¹.

Темекіні қыздыруға арналған Ploom X құрылғысының құрылмасы сізге өзіңізге ұнайтындай темекі шегуге мүмкіндік береді, бірақ сіріңке, оттық немесе күлсалғышты қажет етпейді. Сонымен қатар құрылғы толығымен таныс болып көрінеді, өйткені онда сигареттерге ұқсас стиктер — Winston темекі стиктері пайдаланылады. Стиктер нағыз темекіден жасалған. Толығырақ ақпаратты «Темекіні қыздыруға арналған Ploom құрылғысымен танысу — темекіні қыздырудың бірегей технологиясы» атты блог мақаласынан таба аласыз. 

Екінші жағынан, электрондық сигареттерде, э-сигареттерде немесе вейптерде (электрондық сигареттерді шегуге арналған құрылғылар әртүрлі атаулармен белгілі) бу пайда болғанға дейін қыздырылатын сұйықтық пайдаланылады. Бұл будың құрамында әдетте никотин және басқа да хош иістендіргіштер болады, бірақ олардың ешқайсысы темекіден түспейді — никотин фармацевтикалық өнім болып табылады, ал хош иістендіргіштер тамақ пен сусындарда кездесетіндерге ұқсас.

Электрондық сигареттерді шегуге арналған алғашқы құрылғылар пайда болғаннан бері ассортимент ұсынылатын жүйелердің түрлері мен саны бойынша айтарлықтай кеңейді. Бокс-модтардан бастап POD жүйелері мен бір реттік блоктарға дейін бұл құрылғылар сұйықтық хош иістерінің жүздеген нұсқаларымен тіркеседі, бұл ретте тіркесімдер саны кейде таңғалдыруы мүмкін. 

Сонымен қатар электрондық сигареттерді шегуге арналған құрылғылар түтін шығармаса да, олар сіз көріп үйренген будың бұрыннан таныс «бұлтын» құратынын мойындау керек — бұл электрондық сигареттер сұйықтығында пропиленгликольдің болуына байланысты. Электрондық сигареттерді шегу терминологиясы жөніндегі осы пайдалы блог «Темекіні қыздыру жүйелерін пайдалану электрондық сигареттерді шегу болып табыла ма?» деген сұраққа жауап беруге көмектеседі.

Пайдалану ыңғайлылығы саласындағы инновациялық шешімдер

Ploom құрылғысына ұқсас темекіні қыздыру жүйелерін әзірлеген кезде, басты назар инновациялық шешімдерге және нағыз темекінің хош иісін пайдалану тәсілін жетілдіруге аударылды. Түтіннің болмауы фактісінің өзі — олардың электрондық сигареттерді шегудің анағұрлым саналы баламасы болуының бір ғана себебі. 

Тағы бір себеп — бұл, әдетте айтылатындай, мәні бар өлшем. Эргономикалық талаптарды ескере отырып жобаланған және алақанға ыңғайлы орналастырылатын темекіні қыздыруға арналған Ploom X құрылғысы бүгінгі күні біздің ең кішкентай темекіні қыздыруға арналған жүйеміз болып табылады. Темекіні қыздыруға арналған Ploom X құрылғысын пайдаланған кезде, түтін болмайды және темекінің жағымсыз иісі аз болады ², темекінің нәзік хош иісі ғана сезіледі, сондықтан сіз қай жерде болсаңыз да — дүкенде, теміржол вокзалына барар жолда немесе үйде жұмыс істеген кезде, айналаңыздағы адамдарға қолайсыздық тудырмайтыныңызға сенімді бола аласыз.

Темекіні қыздыруға арналған Ploom құрылғысын электрондық сигареттерді шегудің тамаша баламасы ретінде қарастырудың тағы бір себебі — Winston темекі стиктерінің ұсынылған кең ассортименті. Хош иістердің әртүрлі нұсқаларына сұранысты қанағаттандыру үшін енді таңдауға тоғыз бірегей хош иіс ұсынылады.

Темекіні қыздыруға арналған Ploom құрылғысының инновациялардың алдыңғы қатарына енуі туралы қосымша ақпаратты «Темекіні қыздыру жүйелерінің тарихы» блогынан ала аласыз. 

 

Ploom блогымен танысу

Біздің соңғы жаңалықтарымыз, ақпараттық материалдарымыз және жаңартуларымыз туралы біліңіз.